Бразилиядағы Сан-Паулу қаласындағы түрмеде қамаудағылар көтеріліс жасаған. Көтеріліске түрменің шектен тыс толып кетуі себеп болса керек. Нәтижесінде 200 қылмыскер қашып кеткен, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Көтеріліс кезінде қылмыскерлер матрастарды өртеп, өрт лапылдап, түтін будақтаған кезде ғимараттан қашып шыққан. Олар қоршауды да қиратып тастаған. Күзетшілер жақын аймақтан қашқындарды іздестіруде. Бірнеше қашқын трассадан ұсталса, біреуі жолда мерт болған. Ақпараттарға сүйенсек, бұл түрмеде 800 адам артық қамауда екен.
Естеріңізге салайық, осы айда француз түрмесінде көтеріліс болды. Сондай-ақ биыл АҚШ -та да түрме көтерілістері орын алды.
Оставить комментарий