Қытайда Қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша отырыс мерзімін белгіледі, -деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын апелляциялы сот контрабанда үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін шегерген. Тұрлыбайдың қорғаушысы хабарлағандай, сот отырысы 2016 жылдың 25 қазанында Гуанчжоу қаласында болады.
«Тыңдалым жайлы барлық алаңдап отырған адамдар хабардар, сотқа А.Тұрлыбайдың туыстары мен ҚР СІМ қатысады. Тараптар қылмысты істен қайырлы хабар болады деп сеніп отыр және барша қолдау білдірген жандарға алғыс білдіруде, - деп атап өтті қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетов.
Қазақстандық студент Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталған. Оның жүк сөмкесінен 4,5 килограмм наркотик табылған, қыз Малазияға өтпек болған. Ақжарқын сөмкеде не барын білмейтінін, тек бір адамның беріп жібергенін айтты. Қыздың ата-анасы қыздарын алаяқтар пайдаланып кетті деп ойлайды. 2015 жылғы маусымның ортасында сот оған өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдаған. 2016 жылы мамырдың 6 күні апелляциялы сот сот шешімін шегеріп, істі қайта қарауға жіберді.