Францияның солтүстігіндегі Кале ауданында полиция босқындар мен оларды қолдаған ереуілшілерге қарсы суатқыш пен көзден жас ағызатын газ қолданған. Ереуілшілер лагерлердегі жағдайды жақсартуды талап еткен, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бастапқыда бұндай ереуілдерге тиым салынғанына қарамастан босқындар мен оларды қолдаушылар көшеге шығып, ұрандатқан.
Сондай-ақ белгілі болғанындай, ереуілге қатысу үшін Парижден шыққан 150 адамды полиция жолдан бөгеп, солтүстік айлақтан 48 шақырым қашықтықтан жібермей қойған.
Бұған дейін хабарланғандай, Франция Президенті Франсуа Олланд Каледегі босқындардың бүкіл ел аумағына орналастырылатынын айтқан болатын.
Ал Каледегі босқындар лагерінің айналасына ондағылар айлаққа немесе Еуротоннел терминалына өтіп кетпес үшін темір қоршаулар орнатылған.