Алматы әуежайындағы шұғыл эвакуацияға қатысты ақпараттар пайда болды

/uploads/thumbnail/20170709094437958_small.jpg

"Бүгін Алматы-Тбилиси бағыты бойынша "Эйр Астана" әуекомпаниясының №141 рейсін рәсімдеу кезінде жолаушыдан құрамында сынап болуы мүмкін күмәнді сұйықтық құйылған ыдыс табылған,-деп хабарлайды  Qamshy.kz Matritca.kz-ке сілтеме жасап.

Әуе қауіпсіздігі қызметкерінің күмәнді ыдысты беру туралы талабын естіген жолаушы ешқандай ескертусіз оны қоқыс жәшігіне тастай салған. Мұның салдарынан сұйықтық төгілген.

Бұл ақпарат тез арада әуежай басшылығы мен қауіпсіздікке жауап беретін қызметтерге, Алматы ТЖ жөніндегі қызметтерге, полиция мен құзырлы органдарға хабарланды", - деп мәлімдеді әуежай баспасөз қызметі.

"Әуежай қызметкерлері мен жолаушылары жедел түрде терминал ғимаратынан қауіпсіз аймаққа көшірілді. Төтенже жағдайлар қызметі мамандары жолаушылар терминалы ғимаратында сұйықтықтың төгілуінің салдарын жою бойынша барлық қажетті іс-шараларды жасап жатыр", - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Төтенже жағдай салдарынан үш ішкі, үш халықаралық - барлығы алты рейс кейінге қалдырылды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда Алматы халықаралық әуежайындағы барлық қызметтердің жұмысы қалпына келген.

Связанные Статьи