Жапон жастары арасында тараған оғаш тренд (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709094847899_small.jpg

Жапондықтар әлемді таң қалдыруда! Жапондықтардың сәнге деген көзқарасы көпшіліктен ерекше екені белгілі. Оны жапондық телевизиялық шоулардан байқауға болады. Алайда, оны көріп отыру өте қызықты...

Біз бүгін осы трендпен сіздерді таныстырмақпыз. Бұл тренд жапон жастарының арасында пайда болған. Оның атауы «Басы - тор», бірақ, меніңше, маңдайдағы пончик деп атау түсініктірек болар. Сонымен қатар, бұл атау интернет желісінде танымал.

Сонымен, жапондық жастар маңдайларына тұзды ерітіндіні енгізеді, содан соң маңдай іседі. Сол ісіктің ортасын бірнеше сағат басады, сөйтіп, маңдайларында бәлішке ұқсас ісік қалыптасады.

Бұл эффект бір тәулік бойы сақталады, кейіннен, тұз еріген соң, бет-әлпет өз қалпына қайта келеді. 

Жастардың айтуынша, осындай процедура арқылы олар демалатын көрінеді. Тұз ерітіндісін еңгізу барысында, олар жағымды сезімге бөлінеді. Осы сезімдер үшін және жұртты таң қалдыру үшін жапондық жастары салонға қайта - қайта оралады. 

Әрине, тренд салдарынан емес, басқа себептермен де "пончикті" жасататындар бар. Мәселен, мынау жігіт: "кез келген жігіт әйел кеудесін ұстағанды ұнатады, алайда ол әрдайым жаныңда емес", сондықтан, ол уақытша әйел кеудесін дәл маңдайында жасауды жөн көрді.

Тіпті, Жапонияда "пончиксіз" кіруге рұқсат берілмейтін кештер ұйымдастырылады.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи