«Орыс адамы өмір бойы өлген соң не істейтінін ойлайды. Ағылшындық сенбіні қалай өткізетінін ойлайды. Қазақтарға қарасам өмірлік мақсаттарының нақты қалай болатынын біледі. Ол әйелдермен әңгімеде қатты байқалады, -дейді психолог Валентина Дудко.
Анықтама үшін : Валентина Дудко – психология ғылымының кандидаты, психолог доцент, психолог-коучер, жұмыс өтілімі 23 жыл. Ресей мен Ұлыбританияда жеке практикасын жүргізеді.
Валентина Астанаға жергілікті мамандардың кәсібилігін көтеріп, жеке кеңестер мен курстар өткізу үшін бір жылға келген. Осындай сәттің бірінде сұхбат алудың сәті түсті. Әңгіме қазақ әйелдерінің ділдік немесе менталдықтары туралы болды.
- Валентина, архетиптерге өміріңіздің неше жылын арнадыңыз. Қазақ халқы жайлы не айтасыз?
- Мүмкін, генетикалық деңгейде мен қазақ этносына қызыға қарайтынмын, көз сызықтары, жақтарының ерекшелігі. Эстетикалық жағынан өте тартымды, өте сұлу, ежелгі халықтардың бірі. Өмір сүруге деген талпыныстың өзі оларды өмірмен шынайы болуға тәрбиелеген.
- Сіз, қазақ әйелін не нәрсеге ұқсатасыз немесе оларды немен байланыстырасыз? - Табиғатқа ұқсатамын– күн, кең дала, жел, бір сөзбен айтқанда – «еркіндік». «Мақсатына жетудегі жігер ғана емес», жоқ. Еркін рухты, яғни, еркіндікте болу, ешқандай кедергіге қарамастан еркін жүру. Бұл еркіндікті ойларынан, өмірлері мен сезімдерінен тоқтату әсте мүмкін емес.
- Қазақстанның психологиялық архетипімен танысу неден басталды?
- Әндер мен ежелгі эпостар, осындағы адамдардың ерекше күш-қуатынан десе де болады. Мені Бурабайдағы « Жұмбақтастың» тарихы өте қатты таң қалдырды. Ол Мыстан кемпір мен жас қыздың образын әдемі алмастырып тұрады. Бұл тым терең архетип. Мұнда екі стихияның образы – «қатыгез ана» және « мейірімді ана».
Мейірімді ана- сенімділікті, алға жылжу мен дамуға ықпал етеді. Барлық орыс фольклоры осының негізінде. Қазақстанда осындай табиғи құбылыс барын естігенде, мен өте қатты әсерде болдым. Қаншалық әсер алғанымды сөзбен жеткізе алмаймын.
Жұмбақтастағы әйел образы қазақ әйелдерінің қандай екенін көрсетіп тұрғандай, аңғалдықтан бастап, жабайылық, шамадан тыс мейірім, өтірік пен алдаудың ортасындағы күрес! Міне, осы образ қазақ әйелінен қатты байқалады. Ол сырттай ұстанымды, іштей рухы мықты. Ол кез-келген қиындықтан өмір сүру үшін өте алады. Мен дәл осы жерде әйел адамның қандай болу керек екенін түсіндім. Ұзақ іздегенімді тапқандай болдым.
- Сіз өте салмақты жерлерде, әлемнің бірнеше елдерінде жұмыс істегенсіз. Қазақ әйелдеріне мұншалық таң қалуыңызға қандай нәрсе әсер етті?
- Жұмыста мен өте суық адаммын, алдыма келген адамның мәселесін шешуге тырысамын. Бұл, ота жасап жатқандағы хирургтың жағдайы сияқты. Науқаспен бірге қиналып, көңіліңді басқа нәрсеге аударуға болмайды. Мен жайлы осыған дейін : «Сезім дегеннің не екенін білмейтін маман»,- деп айтатын .
Ал, Астанада бір түрлі симптомдар пайда болды. Қазақстандық әйелдермен қалай кездесемін, солай мені еркіндік рухы билеп, көзіме жас толады. Мен шынайы, адам жанына әсер бере алатын адамдармен кездесудемін. Алғаш рет осындай күйде жүрмін. Мұндай допингті қазақ әйелдерінен алып жүрмін. Себебі, олармен өмір туралы әңгіме өте шынайы.
Материал yvision.kz-тен аударылды.
Оставить комментарий