РФ президенті Владимир Путин Қазақстанға келді, - деп хабарлайды Qamshy.kz Кремль сайтына сілтеме жасап.
Сапар барысында В. Путин қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да құрылымдар аясындағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын сөз етпек.
Одан бөлек екі ел басшысы Қазақстан мен Ресей әріптестігінің ХІІІ аймақаралық форумына қатысады деп күтілуде. Форум тақырыбы – Еуразиялық кеңістіктің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру.
Оставить комментарий