Астана қаласында тойға барып, той тойлап, ішіп-жеп, артынан қымбат телефондарды иесінің қолынан алып кететін алаяқтар шыға бастаған,-деп хабарлайды Qamshy.kz. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Айсұлу Қаратай есімді қыз жазып, тіпті алаяқ ұрының суретін жариялап, былай деп қойған: « Астана тұрғындарының назарына! Мына жас жігітті іздеп жүрміз. 1.10.2016 жыл Үйлену тойда «Өзіміздің таныс адамдай болып жүрді». Бәрімізде оның біреудің туысы болар деп ойладық. Кеш бойы көңіл көтеріп, жастар үшін қуанып жүрді. Той соңында қоңырау шалу үшін 2 адамның қымбат телефондарын сұрап алып, жоқ болып кеткен ( тойда адамдар өте көп болды, тағы кімдердің зардап шеккенін білмейміз). Содан бері бізде оның тек көңілді «суреттері» ғана қалды. Егер оны тойларда көрген болсаңыздар, хабарласуларыңызды сұраймын! Тойдағы адамдар тізімін тексеруді ұмытпаңыздар!» .
Оставить комментарий