Алматыдағы ішінде мейрамханасы бар, түнгі клубы бар, қысқасы той-думанның неше түрін өткізумен айналысатын ойын-сауық орталығының бірінде администратор болып жұмыс істейтін А. есімді келіншек бұл мекеменің ішкі тірлігі туралы айтып берді.
Ойын-сауық орталығының түнгі клубында сегіз жылдан бері жұмыс істейтін А. «Күндіз теледидар арқылы мінбеден сөйлеп тұрған әкесін көрсек, түнде клубтан ұл-қыздарын кездестіреміз. Тіпті түнгі клубқа келгендердің қайсысы кімнің қызы екенін танып, біліп алғанбыз» дейді.
«Әрине, жастардың демалысын ойын-сауық орталығында өткізуіне ешкім қарсы емес қой. Дегенмен, біздің клуб негізінен жезөкшелер шоғырланатын жер болғандықтан «дені сау» қыз келмейтіні анық. Тұрақты клиент жігіттердің «Мен ана қызбен болдым, анаусымен де болдым, мынаумен бірнеше рет» деп саусақпен көрсетіп, ашық айтып, мақтанатыны бар.
Кейбір атақты адамдардың ұл-қыздарының осындай орындарда жүретіні түнгі клуб қызметкерлері біз үшін де таң қалысты, әрине. Қайсысы кімнің ұлы я қызы екенін жүздерінен танып, аты-жөнін біліп алғанбыз. Бізге әр түні келетіндер негізінен элиталық жезөкшелер. Өйткені қарапайым отбасының ұл-қыздары біздің клубтың есігінен де сығалай алмасы анық. Бұндағы менюдің өзі тек қалталы кісілерге арналған».
А.-ның сөзінше, элиталық жезөкшелер көп жиналатын клуб ірі ойын-сауық орталығына тиесілі болғандықтан, мейрамханасында бесік той, тұсаукесер, шілдехана, туған күн және үлкен кісілердің мерейтойлары да өткізілетінін айтты.
«Біздің жұмысымыз өте мазасыз. Демалуға уақытымыз жоқ. Күндіз қазақи тойлар өткізсек, түнде жастарға арналған элиталы жезөкшелерді қамтитын ойын-сауық жиындар өтеді. Күндіз бесік тойға арналған бөлмеге түнде жезөкшелер жиналады. Бәрі бар бұл жерде. Жатын орын, көңіл көтеретін, билейтін зал, т.б. түгел ойластырылған.
Алғаш осы клубқа жұмысқа орналасқанда мөлдіреген сүйкімді қыздарды көргенде «обал-ай» дейтінмін. Бірде клиент жігіттердің бірімен сөйлесіп тұрғанмын. Әдемі, фигурасы көз тартарлық жас қыз кірді. «Түнгі клубқа алғаш рет келіп тұр-ау, он екіде гүлі ашылмаған, бұзылмаған қыз ғой» деп едім, әлгі жігіт мырс етті. «Мен бұл қызды бірнеше рет пайдаланғам» деген кезде таң қалдым. Сырттай ибалы, таза сияқты көрінгенмен, жаман жүрісті екенін жұрттан қалай жасырады екен деп ойладым.
Түнгі клубтың талай сырын жайып салған А. элиталы жезөкшелердің арасында қазақ қыздарының өте көп болуы өкінішті екенін де жасырмады.
Жазып алған Айғаным Біртуар
Оставить комментарий