Бұл елде төтенше жағдай режимі әскери төңкеріс әрекетінен кейін енгізілген еді. Ел үкіметі режимді тағы 90 күнге ұзартты. Бұл туралы Түркия вице-премьері Нуман Куртулмуштың мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, Reuters хабарлайды.
Түрикяда әскреи төңкеріс әрекеті 15 шілдеден 16-на қараған түні орын алған еді. Төңкерісті республикадағы әскерилер ұйымдастырған. Нәтижесінде 246 адам қаза тауып, 2 мыңнан астамы жараланды. 21 шілдеде үш айға белгіленген төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.
Ел билігі төңкерісті ұйымдастыруға АҚШ-та тұратын уағызшы Фетхуллах Гүленнің қатысы бар деп есептейді.
Анкара Вашингтоннан Гүленді экстрадициялауды талап етуде.
Оставить комментарий