Бүгін Қазақстан мен Ресейдің XIII өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік компанияларды қазақстандық кәсіпорындарды жекешелендіруге қатысуға шақырды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта біз ауқымды жекешелендірудің кезекті кезеңіне кірістік. Мемлекеттің мақсаты-экономикада кәсіпорындардың 15 пайыздайын ғана қалдыру. Бәсекелестік ортаға жалпы сомасы шамамен 10 млрд. долларды құрайтын 800-ге жуық мемлекеттік кәсіпорын беріледі. Сату қарапайым аукционннан бастап, стратегиялық серіктестікке нақты сатуға дейінгі әртүрлі әдіспен жүргізілуде. Ресейлік компаниялар бұл шараға белсенді қатысады деп ойлаймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Осы ретте Мемлекет басшысы Қазақстан Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу жеңілдігі жөніндегі рейтингінде 41-ші орында тұрғанын айтты.
«Біз экономиканы кезең-кезеңімен жаңғыртуды жалғастыра беретін боламыз», - деді Елбасы.
Оставить комментарий