Алматыда халықаралық ММА турнирі өтеді

/uploads/thumbnail/20170709100424599_small.jpg

Алматыда "GRAND PRIX KAZAKHSTAN" аясында жартылай финал және финалды сайыс аясында кезекті халықаралық ММА турнирі басталады,-деп хабарлайды Qamshy.kz. 

ММА бойынша халықаралық турнир қазанның 22 күні Алматы қаласы, «Бақшасарай» қабылдау үйінде өтеді.  Бұл турнирдің басты жаңалығы - Дмитрий Шумилов пен Асылжан Бақытжанұлының жекпе-жегі. Ауыр салмақта 93 кг ресейлік боксшы Дмитрий Шумилов және Қазақстандық Асылжан Бақытжанұлы.

Ал, 70,3 кг салмақта Сұлтан Қиялов пен Дмитрий Кудинов кездеседі.  

Сондай-ақ, 61,2 келі салмақта жартылай финалда Қасым Әнуарбек, Ильяр Асханов, Қанат Рахимов пен Жасұлан Қарақұловтың өнерін тамашалайсыздар. Кештің маңызын Асылжан Бақытжанұлы мен ресейлік Дмитрий Шумилов жекпе-жегі арттыра түспек. Жеңіл салмақта жерлесіміз Шыңғыс Қайранов украиндық Александр Крупенкинмен күш сынаспақ.

Одан бөлек, 56,8 келі салмақта Бақтияр Несіпбек, 70,3 келі салмақта Диас Ерланұлы, 56,8 келі салмақта Тимур Данғаров, 93 келіде Райхан Мадинов, 65,8 келі салмақта Игорь Жирков жекпе-жекке шықпақ. 

"GRAND PRIX KAZAKHSTAN"  финалдық сайысына "ALASH PRIDE FC" промоутерлік компаниясы қолдау білдіреді. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи