Былтыр қызметі тоқтатылған Алматы трамвай депосының аумағына жүзеге асырылуы мүмкін делінген 20 жоба қарастырылуда, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Алматы қаласын дамыту орталығы» сайтында үздік концерция үшін дауыс беру 16 қазанда аяқталмақ.
Ұсынылған 20 жобаның ішінде қонақ үй, сауда орталықтары, мейрамхана кешендері бар алаң, саябақ сынды қоғамдық орындар да бар.
Алматылықтардың дауысы шешетін жобаларға сарапшылар комиссиясы да баға береді. Ондағылар жобаның байқау қағидалары мен міндеттеріне сәйкестігіне, жоба моделінің технологиялық, экономикалық тиімділігіне, басқару үлгісінің тұрақтылығына басты назар аударатын көрінеді.
Байқау қорытындысы 24 қазанда шықпақ.
Оставить комментарий