АЛМАТЫДАҒЫ СЛЕКИШИНА ЗОРЛАНҒАН ИЗОЛЯТОРДА ТАҒЫ БІР КЕЛІНШЕК ЖҮКТІ БОП ҚАЛҒАН

/uploads/thumbnail/20170709101227389_small.jpg

Қазірдің бұл жүктіліктің құпиясын Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро қызметкерлері анықтауда, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ұлттық бюродағылардың хабарлауынша, оқиға 2013 жылдың желтоқсанында Алматыдағы СИ-18 мекемесінде болған. Бюроның Алматы департаменті қазір ҚР қылмыстық кодексінің 362-бабы (билікті және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізуде.

«Қамаудағы әйелдің жүкті болу фактісі бойынша іс бізге Алматы қаласының прокуратурасынан түсті. Қазіргі уақытта тергеудің жан-жақтылығын, толықтығы мен іс мән-жайының объективтілігін қамтамасыз ету үшін тергеу шаралары өтуде», - делінген жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері таратқан хабарламада.

Түрмеде зорланған келіншек 2009 жылы сотталған. Колония қабырғасында тағы бір рет құқықбұзушылық жасаған. Осы әрекеті тергеліп жатқан тұста оны Алматыдағы СИ-18 мекемесіне ауыстырған. Қылмыскер келіншек осы мекемеде жүріп жүкті болған.

Естеріңізге салсақ, қамаудағы Наталья Слекишинаны зорлау ісі бойынша айыпталған тергеу изоляторының қызметкері Руслан Хакимов 2016 жылғы 30 қыркүйек күні 9 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. «Слекишинаны зорлау» оқиғасы ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде қызу талқыланып, үлкен қоғамдық резонанс туғызған еді. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи