Атырауда келініне тіл тигізген енеге айыппұл салынды

/uploads/thumbnail/20170709101517641_small.jpg

Атырауда әйел адам келінін балағаттағаны үшін айыпталды, - деп хабарлайды  Qamshy.kz Тengrinews.kz –ке сілтеме жасап.

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен құқықбұзушы азамтшаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әйел 2016 жылдың қыркүйек айында бұрынғы келінінің ар-намысына тиетін дөрекі сөздер айтып, былапыт сөйлеп, яғни, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, жеке тұлғаның тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот істің мән-жайларын зерттеп, сот әйел адамды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 21 210 теңге айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
 

Связанные Статьи