АРЫСТА 2016 жылдың 6 айында 3.182 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі102,3% құрады,ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ arys.ontustik.gov.kz
(Жыл соңында нақты көлем индексі 105,0% жеткізу көзделуде).
Мал басы және одан алынатын мал өнімдері 2015 жылдың және 2016 жылдың қорытындысымен алдыңғы жылдарға қарағанда барлық түрінен артты.
(2016 жылдың 6-айында: Ірі қара мал 31003 бас, 106,8%, қой-ешкі 399516 бас, 103,5%, жылқы 9405 бас, 100,2%, түйе 1614 бас, 104,1%, құс 60923 бас, 100,4%)
(Ет 3088 тонна, 100,3%, сүт 9520,5 тонна, 107,4%, жұмыртқа 3756,6 мың дана, 100,6%).
2016 жылдың 6-айға егіс егу тапсырмасы 21,1 мың га-ға, орындалғаны 21,3 мың га, яғни 101,0%. Оның ішінде суармалы жер игеру тапсырмасы 15,0 мың га, ал орындалған 13,4 га, яғни 89,5% құрайды.
Жаңадан қосылатын жер 6 айға тапсырма 300 га, орындалған 390 га, яғни 130% құрайды.
Жаңадан ауылшаруашылығы техникаларын алу бойынша 6-айға тапсырма 18 бірлік, орындалған 31 бірлік, яғни 172% орындалды.
МТС ашу тапсырма 1, орындалғаны 1 бірлік, 100,0%.
Ауылшаруашылығы кооперативін құру 6-айға тапсырма 2 бірлік, орындалғаны 3 бірлік, яғни 150,0 %.
Ауыл шаруашылығын дамыту жолында Арыс алдына жан салмай, үлкен мақсаттар қойған болатын. Осы мақсаттарға жету жолында техникалық мүмкіншіліктерге де үлкен мән берілді. Себебі ауылды көркейту негізінде отанды көркейту және экономиканы өрістету жатыр ғой.
Оставить комментарий