Мал бордақылау кәсібін өрістеткен

/uploads/thumbnail/20170709104412406_small.jpg

Кәсіпті дөңгелетіп әкету үшін оның қыр-сырын меңгеру керек. Бастапқыда қиындықтар кезігер. Бастысы, жобаңызды тереңінен зерделей біліп, қаржыны мақсатты жұмсай білсеңіз, еңбегіңіз зая кетпесі анық. Бүгінде кез келген қарапайым шаруа үшін «Ырыс» микро қаржы ұйымы қол болып тұр. Жеңілдетілген пайыз несиелерін алып, жұмыс істеп жатқандар көп. Шымкент қаласының тұрғыны Мамырхан Нұрлыбай таяуда ұйымнан 12 млн теңге несие алып, мал бордақылау кәсібін бастады. Тәуекел еткен. Алдағы жоспарлары ауқымды.

«ЫРЫС» АРҚЫЛЫ ЫРЫСҚА КЕНЕЛГЕН

«Ырыс-Нұр» жеке кәсіпкерлігі ата-бабадан мұраға қалған кәсіпті дамытуды қолға алыпты. Басты меже – жылына 35 тонна ет өндіру. Таңдау төрт түліктің ішіндегі жылқыға түскен. Ата-бабаларымыздың түліктің ішіндегі ең жақсы көргені де жылқы. Әрі тазасы. Ішсең сусын, кисең киім. Мінсең көлік. 

 «Бозарық» шағынауданы, 335 учаскеде орналасқан жылқы фермасына барып қайттық. Ауданы 1400 шаршы метр ферма 300 жылқыға арналып салыныпты: жылқыларды бордақылауға да, сүтті биелерді саууға да арнайы орын бөлінген. Барлық жағдай қарастырылған. Қазір бұл жерде 45 бас жылқы бар. Бордақыға байланғандарына бір ай он күн болған. 
– Несиені 5 жыл мерзімге берді. Жалпы, ол қаражатқа 48 бас жылқы сатып алдық. Қазір жылқылардың біразы тауда. Еті қоңдылары. Арығандарын осында бағып жатырмыз. Бәрі – 81 бас. Басты мақсатымыз – жылқылардың басын көбейте беру. Жасына қарай әрқайсысының бағасы әр түрлі. Бұларды қыркүйектің аяғынан бастап, Манкент, Сайрамдағы мал сою орталықтарына апарып өткіземіз, – дейді кәсіпкер жұмыстың негізгі бағытымен таныстырып. 
Мұнда толық инфрақұрылым жүргізілген: жол салынып, жарық, су келіп тұр. Жұмысшылар үшін ешқандай мұқтаждық жоқ. Қазір 4 адам ауысымда жұмыс істейді. Әрбірі 50 мыңнан 95 мың теңгеге дейін жалақы алады. 
Төлем кестесіне сәйкес, әр алты айда бір рет несиені құюы тиіс. Сол себепті жұмысты ширату керек. Екі жылдың ішінде төлеп, ары қарай қаржыландыратындай жағдай болса, тағы несие алмақ. Қаржы көбейетін болса, мал басын ұлғайта бермек. 
Нысанның қала маңынан салынуының да өз себебі бар. Себебі, қала халқы жылқыларды базардан алғанша, осы жерден арзандау бағада алса деген ниет. «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалау». 
Кәсіпкерлер келешекте жанына тағы осындай орын қосуды жоспарлап отыр. Сауын жылқыларын әкеліп, қымыз өндірісін де дамытпақ. Оның үстіне, бағаны аспандатып, қиындықтар тудырып жатқан делдалдардың жұмысын да реттеу керек. Өйткені, қымыз қолдан қолға өткеннен кейін бағасы аспандайды.

Ересек ірі қараны, негізінен жасы жетіп жарамсыз деп табылған сиырды Бордақылау бастапқы күйіне қарай 2 — 3 айға созылады. Бордақылау кезеңінде сиыр тәулігіне 800 — 1000 г үстеме салмақ қосып тірілей салм. 18 — 20%, сойыс салм. 40%-ке артады, етінің сапасы да жақсарады. 12 —14 айлық тайыншаларды Бордақылау 3 — 4 айға созылады. Бордақылау маусымында жас малдың салмағы 1,5 есе, еті мен майы 2 есе, етінің калориясы 3 есе артады. Етке өткізетін еркек бұзауларды өсіру мен Бордақылау процестерін толассыз өзара ұштастыру арқылы Бордақылау соңында тайыншаның салмағын 12 — 13 айлығында 380 — 400 кг-ға, 16 — 18 айлығында 450 — 500 кг-ға жеткізуге болады. Бордақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, ірі қара тәулігіне кемінде 1 кг салмақ қосады. Шошқа жасына қарай ет немесе май алу үшін бордақыланады. Шошқа етін өндіру үшін салмақ 25 — 30 кг 3 айлық торайларды 6,5 — 7,5 айлығында 100 — 120 кг-ға жеткенге дейін бордақылайды. Бордақылау қой өсіруде де жиі қолданылады. Қозыны 4,5 — 5 айлығынан бастап салм. 40 — 60 кг-ға жеткенше бордақылайды. Биязы жүнді қойдың қозысын 8 — 8,5 айлығына, биязылау және қылшық жүнді тегене құйрықты қойлардың қозысын 7 — 7,5 айлығына дейін, етке соятын саулық, қошқар, ісектерді басында жайылымда семіртіп, кейін 1 — 1,5 ай қолда жемдеп бордақылайды. Арнайы қой Бордақылау кешендерінде қозы Бордақылау 4 — 4,5 айлығынан 13 — 14 айлығына дейін жүргізіліп, салм. 55 — 65 кг-ға жеткізіледі, алдын ала (1,5 — 2 ай бұрын) қырыққаннан кейін етке өткізіледі. Соғымға белгіленген сақа жылқыны қысқа мерзімде жедел, қоңы орташаларын 35 — 45 күн, қоңы төмендерін 50 — 60 күн бордақылайды. Бұл кезде жылқы тәулігіне орта есеппен 1 — 1,5 кг үстеме салмақ қосады. Мал Бордақылаудың тиімділігін арттыру үшін түліктің барлық түрлеріне ортақ өсіп-даму заңдылықтары басшылыққа алыну керек. Жас малды бордақылағанда алғашқы кезде оның салмағы ет пен сүйегінің толысуына байланысты жүреді де, үстеме салмаққа азық аз жұмсалады, ал одан кейінгі салмақтың артуы (өсуі) денедегі майдың түзілуіне байланысты болғандықтан, азық шығыны көп жұмсалады. Мысалы, еркек бұзауға тәулігіне орта есеппен 1 кг салмақ қосу үшін 6 — 9 айлығында 7 — 7,5 кг, 9 — 12 айлығында 8 — 9 кг, 12 — 15 айлығында 9 — 10 кг, ал 15 — 18 айлығында 10,5 — 11,5 кг азық өлшемі жұмсалады. Дені сау мал ғана тез қоң алып семіреді. Сондықтан Бордақылауға қойылған мал бақылауда болуы қажет. Бордақылайтын табын құрамындағы малдың тұқымы, жасы, жынысы, салмағы, қоңы бірдей болғаны дұрыс.

Тағабай ҚАСЫМ http://shymkala.kz/

Оставить комментарий

Связанные Статьи