Ауылшаруашылық өнімдерінің көлемін ұлғайтуды, экспортқа шығаруды қамтамасыз етуде ұсақ тауар өндірушілердің мәселелерін кешенді шешу үшін, Қазақстан Республикасы «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңына сәйкес, облыста кооперативтерді құру белсенді жүргізілуде.
ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов бір сөзінде :«Облыс тұрғындарының 55%-ы ауылдық жерлерде тұратындықтан және ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылып отырғандықтан, осы саланың тиiмдiлiгiн арттыру өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi факторы болып табылады. Осыған байланысты, агроөнеркәсiп кешенi саласындағы стратегияларға тоқталып өтсем. Бiрiншi бағыт – суармалы жерлердiң жағдайын жақсартып, жаңа суармалы жерлердi айналымға қосу. Екiншi бағыт – фермерлерге төмен пайызбен берiлетiн несиелердiң көлемiн арттыру. Үшiншi бағыт – әрбiр ауылдық округте арнайы кооперативтер құрылып, онда машина-трактор стансалары ашылады. Төртiншi бағыт – ауыл шаруашылық саласына ғылымның жетiстiктерiн мейлiнше енгiзу. Яғни, әрбiр ауданда сол ауданның ерекшелiктерi ескерiле отырып, кәсiпкерлiк мектептерiнiң базасында шаруаларға ғылыми- консультациялық қызмет көрсететiн орталықтар ашылмақ», - деп атап өткен болатын. Осы орайда бүгінгі күнге Оңтүстік Қазақстан облысында 8 мыңнан аса ұсақ фермерлік шаруашылықтар 81 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерге бірігіп, жұмыс атқаруда. Олар даму бағыттары бойынша 19 бірлік мақта шаруашылығы, 30 бірлік астық, 4 бірлік сүт өндірісі, 13 бірлік ірі және ұсақ мал шаруашылығы, 3 түйе шаруашылығы, 3 жүгері өсіру, 4 жылыжай, 5 тағы басқа шаруашылықтардан құралып отыр.
Сонымен қатар, биылғы жылы облыста 14 машина-тракторлық станциясы құрылған. Ауылшаруашылығы саласында таптырмас құрал машина-тракторларды шығарып отырған станциялардың құрылуы Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен іске асып жатқан Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарлмасы аясында мүмкін болып отырғандығын айта кетейік. Машина-трактор станциялары құрамында 108 доңғалақты тракторлар, 7 шынжыр табанды тракторлар, 28 астық оратын,9 жем-шөп оратын, 4 жүгері оратын комбайндар мен 186 басқа техникалар бар.
Оставить комментарий