Ауласынан мал бордақылау алаңын жасақтауда

/uploads/thumbnail/20170709105725871_small.jpg

 

 

Ордабасы ауданында қаңтар-шілде айлары аралығында «Сыбаға» бағдарламасымен 1 066 ірі қара мал алынып, берілген тапсырма 125 пайызға орындалды. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шаруалар «Алтын асық» бағдарламасымен осы жылдың жеті айында 2 мың 903 қой алып, жұмыс жүргізуде.
Сондай-ақ, ауданға «Құлан» бағдарламасы бойынша асыл тұқымды 110 жылқы әкелінді.
Мал шаруашылығын дамыту бойынша ауыл округтерде тиянақты тірліктер жүргізілуде. Тұрғындар бағдарламалардың игіліктерін түсініп, мал асылдандыруға, етті мал бағуға көптеп ден қоюда.
Қарақұм ауыл округінің тұрғыны Оңалбай Бейбіт өз қаражатынан үйінің ауласынан бір мезетте 35-40 ірі қара мал бордақылау алаңын жасақтауда. Бүгінде қора-жай құрылысы аяқталуға жақын. Жем-шөбі де дайын, енді таяу күндері мал бордақылау алаңы өз жұмысын бастайды.

«Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асырудағы мақсат - шағын және орта бизнесті еліміздегі етті мал шаруашылығын дамытуға жұмылдыру, етті бағыттағы мал басының үлесін арттыру, нарықтағы бәсекелік пен инфрақұрылымды қалыптастыру. Етті бағыттағы мүйізді ірі қара малының экспорттық әлеуетін дамыту мақсатындағы бағдарлама ауылда мал өсіріп, оның басын көбейтуге ниет еткен шаруа үшін зор қолдау. Бұл бағдарлама шаруашылықтардағы, жеке мал иелеріндегі жергілікті мал­дың тұқымын ет бағытында асыл­дан­дыру арқылы мүйізді ірі қараның ет өнімділігін арттырып, еттің өзіндік құнын арзандатуды, мал басын өсіріп, мал шаруашылығы саласында қосымша жұмыс орындарын ашуды көздейді.

Мемлекеттік бағдарлама аясында мал өсірумен айналысатын шаруаға жеңілдетілген несие беріледі.

http://rgmedia.kz/

Связанные Статьи