ТӨККЕН ТЕР ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

/uploads/thumbnail/20170709105716746_small.jpg

Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаханов Маяқұм, Балтакөл ауыл округтерінде  іссапармен болып, «Отырар-Сүт-Ет» селолық тұтыну кооперативі мен  «Отырар Агро өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, диқандармен кездесті. Қазіргі таңда кооператив құрамына жергілікті «Серікбай-Б», «Мейірбек ЛТД», «Үсенов-Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер кіреді,-деп хабарлайды Отырар  ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Кооператив биыл 190 гектар алқапқа «Жиенбай» сортты қауыны, 130 гектарына жоңышқа, 100 гектарына жүгері дақылдарын еккен.

Тың технологияларды пайдалану арқылы мол өнімге қол жеткізген шаруашылықтың өнімдеріне сұраныс жоғары болып отыр. Бүгінде Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларынан келген кәсіпкерлер өздері тасымалдап әкетуде.  Бұл – шаруалардың төккен тері мен еңбегінің жемісі.

Ал, Балтакөлдегі диқандар ғылымға негізделген, соңғы озық технологияларды пайдаланып 104 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен пияз еккен болатын. Диқандар әр гектарынан 60 тоннадан өнім алуда. Бұл өнімдер келісім-шарт бойынша «Отырар қойма» ЖШС-нің қоймасында сақталады. Сонымен қатар, 50 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен күздік пияз егіліп бітті.

Аудан басшысы Ерлан Қуанышұлы диқандардың өнімді еңбегіне ризашылығын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Связанные Статьи