Диқандар жылыжай шаруашылығына ден қоюда

/uploads/thumbnail/20170709105743719_small.jpg

Ынталы ауылының тұрғыны А.Үсенбай ауласындағы 2 соттық жерге қолда бар жабдықтармен жылыжай құрастырып, бүгінде пайдасын көруде. Бұл туралы Ордабасы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.Кәсіпкердің мәлімдеуінше, әзірге жылыту қазандығы орнатылмаған, әйтсе де ерте көктемде қызанақ егіп, 2 тоннаға жуық өнім алған. Ендігі кезек қияр отырғызып, баптау. 
"4,5 гектар жерім бар. Оның 1 гектарына қызанақ, 1 гектарына бау, 1 гектарына жоңышқа, қалған жерге жүгері ектім. Қызанақтарға сұраныс өте жоғары, 8-10 адамды жұмыспен қамтыдым", - деді А.Үсенбай. 
Қолда барды ұсатып, заман талабына орай кәсіпке бейімделген азамат мемлекет тарапынан несие де алмағанын атап өтті. "Бейнетсіз зейнет қайдан болсын. Кедейлікке апаратын жол - еріншектік" деп ойын түйіндеді.

Айта кетері, ауыл шаруашылығы саласының және Қазақстанның жалпы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған 2013–2020 жылдарға арналған агороөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында соңғы жылдары жылыжай шаруашылығы жақсы дамып келеді. Республикадағы жылыжайлардың басым бөлігі табиғаты жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Жылыжай ашып, кәсібімді көркейтем деген шаруаларға мемлекет тарапынан көмек те бар. «Агробизнес - 2020» бағдарламасына сәйкес, озық технологиялар негізінде өндірістік жылыжай құрылысын жүргізіп, іске қосқан кәсіпкерлерге инвестициялық субсидия төленеді.

http://rgmedia.kz/

Связанные Статьи