Бүгін теріскейліктер «Еңбек күні» мерекесін атап өтті. Шара аясында аудан орталығында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Он екі ауыл округінің шаруалары өздері шығарған өнімдерді аудан халқына тиімді бағада ұсынды,- деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда 2013 жылдан бері қыркүйек айының ең соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» мерекесі аталып өтіп жүргені баршаға белгілі. Айта кету керек, Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығы бойынша елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі – «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленген. Аталған мерекенің басты мақсаты жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру шеңберіндегі өндіруші еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсібін насихаттау және жұмысшы әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту, дәріптеу болып табылады. Аталмыш мейрам дәстүрлі түрде жалғасып, бүгінгі күндері жастар арасында еңбекті дәріптеп келеді.
Созақ Аудан әкімі М.Исаев барша еңбек адамдарын атаулы күнмен құттықтап, бірқаттар озат жандарға алғыс хат тапсырды. Қызылкөл елді мекеніндегі «Қайрат» балабақшасының басшысы, еңбек озаты Н. Төлеуова барша аудан халқын құттықтап, талмай еңбек етуге шақырды. Мерекеге орай безендірілген орталық алаңда аудандық мәдениет үйі қызметкерлері қойған концерттік бағдарламаға ұласты.
.