Жеті айда 23 жоба қаржыландырылды

/uploads/thumbnail/20170709110052782_small.jpg

Түркістан қаласында асыл тұқымды ірі қара мал санын көбейтіп, ет эспортын еселеуге бағытталған «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазагронесие корпорациясы» акционерлік қоғамы және «Түркістан несие серіктестігі», «Яссы несие сеіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мал шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Түркістан қалалық әкімдігі таратқан мал шаруашылығы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы мәліметке сүйенсек, аталған қаржы институттарының несиелендірулерімен мұнда жыл басынан бергі жеті айда жалпы жиынтығы 279 миллион теңгеге жиырма үш жоба жүзеге асырылған. Нәтижесінде 1491 ірі қара малдың аналығы сатып алыныпты. Сонымен қатар, 79 бұқа Түркістан аумағына жеткізілген.

Ата кетейік, «Қазагронесие корпорациясы» акционерлік қоғамы 8,5 миллион теңгеден жоғары, «Түркістан несие серіктестігі» ЖШС-і бир миллион теңгеден бастап жеті жылға дейін 7 пайызбен ақшалай несие береді. Қарастырылған қаржылай қарыздарды кәсіпкерлер екі жыл жеңілдікпен пайдалана алады. Несие қаржыны өтеуді келісім бойынша отыз күн сайын емес, үш айда, жарты жылда, тіпті он екі айдың қорытындысында бір-ақ рет өтеуге болады. Екі жыл жеңілдікпен берілген жағдайда сыйақы ай сайын төленеді. Ал негізгі қарызды үшінші жылдан бастап өтеуге болады. Шаруаларға осындай кең мүкіндік сыйлаған «Сыбаға» бағдарламасы халықты жұмыспен қамтуда, асыл тұқымды мал басын арттыруда нәтижелі әсерін тигізіп жатқаны сөзсіз.

http://rgmedia.kz/

Связанные Статьи