Алматыда теракт ұйымдастырмақ болғандарды ұстау операциясының видеосы жарияланды

/uploads/thumbnail/20170709110202745_small.jpg

Тағы да террористер қанды қырғын сала жаздады! Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл жолы Алматының күлін көкке ұшырмақ болған 3 лаңкестің қолына кісен салып, жойқын жарылыстың алдын алды. Жат дінге шырмалып санасы уланған радикалдар полиция, прокурор мен судьяларды нысанаға алған екен, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Алайда арнайы қызмет қаскөйлерді дер кезінде құрықтап, халықты тағы бір ажалдан аман алып қалды. Ұсталғандардан жарылғыш заттар мен теракт жасауға үндейтін экстремистік материалдар табылған. Анығы - лаңкестер Алматының бірнеше жерінде полиция, прокуратура мен сот ғимараттарына шабуыл жасауға тыңғылықты әзірленіпті. Бірақ, жоспарларын алдын-ала біліп қойған Ұлттық қауіпсіздік комитеті жарылысты болдырмай тастады. Ал, биылдыққа арнайы қызмет ел бойынша ойран салмақ болған 70-тен астам радикалды топтың жолын кескен. Сонда да қауіп сейілмей тұр. Өйткені облыс орталықтарындағы халық көп жиналатын қоғамдық орындар, базар мен сауда орындарына кез-келген сәтте террористер басып кіруі әбден мүмкін. Бұған ғимараттардың жөнді қорғалмауы себеп. 

Связанные Статьи