Түркістанда 600-ге таяу мал бордақылдау алаңы бар
«Агробизнес – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысының мал шаруашылығын дамыту іс-шараларының 2014-2016 жылдарға арналған жоспарына сәйкес Түркістан қаласы бойынша бірқатар игілікті істер атқарылды.
Соңғы екі жылда Түркістанда 343 азамат 920 миллион 400 мың теңге несие алып, шағын мал бордақылау алаңдары мен жанұялық сүт фермаларын, сүт өңдеу цехын ашқан. Сонымен қатар, 335 азамат өз қаржылары есебінен осы бағытта жұмыстар атқарған.
Былтыр Түркістан аумағында 384 бірлік шағын мал бордақылау алаңы ашылса, соның ішінде қаржы институттарының қаржыландырумен іске қосылғандары да бар. Оған 751 миллион жүз мың жұмсалып, үш жүзге тарташағын мал бордақылау алаңы іске қосылған.
Биыл жыл басынан бергі жеті айда 184 шағын мал бордақылау алаңы ашылып, оның ішінде 161-і жеке кәсіпкерлердің қаржысымен іске қосылған. Ал, қаржы институттары арқылы 58,5 млн.теңгеге 23 шағын мал бордақылау алаңы ұйымдастырылды. Сөйтіп Түркістандағы мал бордақылау алаңдарының жалпы саны 568-ге жетті.
Түркістанда соңғы екі жылда мал бордақылау алаңдарында он төрт жарым мыңға таяу ірі қара мал бордақыланып, үш мыңға тарта ет өндіріліп, қала халқының қажетіне жаратылды. Өндірілген өнім көлемі 2592,9 миллион теңгені құрады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қалада ет өндіру көлемі 104 пайызға артты.
Оставить комментарий