Созақта мал шаруашылығымен айналысушылар көбеюде

/uploads/thumbnail/20170709110245387_small.jpg

 

Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы ел экономикасының өркендеуіне оң ықпал етіп келеді. Бірнеше бағдарламалардың жиынтығынан тұратын жобаның ішінде белсенділерінің бірі ретінде "Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы" бағдарламасын атауға болады.  Мамандар «Жұмыспен қамту-2020  Жол картасы» бағдарламасы аясында несие алғысы келгендердің басым бөлігі  мал шаруашылымен айналысуды қалайтындар дейді.  Келесі кейіпкеріміз затының әйел екеніне қарамастан ата кәсіпті жалғастырып отыр.   Созақ ауданы Қарағұр ауылының тұрғыны Шынар Алтынбекова  нарық заманына ілесу үшін, кәсіпкер болуды қалады. Қазіргі таңда сауда орындарындағы сұранысқа қарай, кәсіпкерлікпен айналысудың ең тиімді жолы – мал асырап, ет пен сүт өндіру керек екендігін түсінді. Ал бұл үшін қаржы керек болды. Осыған байланысты «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2-бағытының мүмкіндіктері өз мақсатына жетуге үлкен нәтиже туғызатынына сенді. Мамандардың кеңесінен кейін өз ісін ашу үшін шағын несие  1 миллион теңге алуды ұйғарды. Жиналған толық құжаттар пакетімен, үміткер Шымкент қаласындағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына бағытталды. Мақұлдауды алғаннан кейін Шынар Сұлтанқызы  несие алып, өз ауылында мал шаруашылығын дамыту мақсатында қара мал алып көбейтуде. Бүгінгі күнге 1 жаңа жұмыс орнын ашып, ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуда.

Айта кетейік, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының басты мақсаты тұрақты, нәтижелі жұмыспен қамту, халықтың әл-ауқатын көтеру және кедейшілікпен күресу, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету болып табылады.  Ал бағдарламаның екінші бағытының сипаты : ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына көмек көрсету. Кәсіпкерлікті ынталандыру азаматтардың жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы олардың экономикалық белсендігін арттыруға бағытталған.

http://rgmedia.kz/

Оставить комментарий

Связанные Статьи