«АГРОБИЗНЕС – 2020» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ барысын сарапқа салсақ

/uploads/thumbnail/20170709110926415_small.jpg

 

 «Агробизнес – 2020» бағдарламасының орындалуы:

I-ші «Қаржылай сауықтыру» бағыты бойынша 2014 жылы қаржы институттарына («АШҚҚ»АҚ) 18 АШТӨ-нен жалпы құны 68,2 млн.тг құрайтын өтініш түсіп, мақұлданды. Жылдық пайыздық мөлшерлемені субсидиялау көлемі 12,5 млн.тг. 2015 жылға аталған бағыт бойынша «КазАгроМаркетинг» АҚ-на АШТӨ-нен өтініштер түскен жоқ.

II –ші «АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру» бағыты  бойынша 2015 жылы ауыл шаруашылығы саласына 12 бюджеттік бағдарлама бойынша 20,2 млрд.тг субсидия бөлініп есеп беру айына 5096 млн теңге қаралып, 5038 млн теңгесі игерілді(12 бағдарлама б/ша) 99,0 пайыз. Оның ішінде 050 «Инвестициялық салым кезіндегі агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің көтерген шығындарының бір бөлігін өтеу» бағдарламасына 526,5 млн.тг. бөлініп, а.ж. 6 айында 299,2 млн.тг. игерілді. (2014 ж. 10 бюджеттік бағдарлама бойынша - 19,2 млрд.тг.).  

2015 жылдың қаңтар-маусымға ауыл шаруашылғы жалпы өнім көлемі 90,9 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдан 16,4 млрд.тг. ұлғайды, нақты көлем индексі 103,7%  құрады.

Ауыл  шаруашылығы  дақылдарынына жүргізілген әртараптандыру жұмыстарының нәтежиесінде егіc көлемі 785 мың га құрады.

 Облыста мал шаруашылығын дамыту мақсатында, мал азықтық дақылдардың көлемін арттыруға басымдылық беріліп, дәндік жүгері 44 мың га, жаздық арпа 46,8 мың га,  жаңа жоңышқа 50 мың га, картоп 12,5 мың га, көкөніс-бақша дақылдары 87,8 мың га, мақта 102,6 мың га (-24 мың га) орналастырылып, есеп беру айында  өткен жылмен салыстырғанда көкөністен 1,6 есе (296,5 мың тонна), бақшадан – 1,2 есе (343,3 мың тн) және картоптан – 7,7 пайыз  (123,8 мың тн) артығымен өнім жиналды. 

Суармалы жерлердің көлемін 292,0 мың га ұлғайту өңірлік іс-шарасы бойынша,  ағымдағы жылы 29,0 мың га ұлғайтуға аудан, қала әкімдіктеріне тапсырма беріліп, 6 айдың қорытындысымен 10 мың га суармалы жер жаңадан қосылды. 

Тамшылатып суғару әдісі 7,5 мың га ендіріліп, жалпы көлемі 41,4 мың га жетті (Республикалық көрсеткіштің  73,8%). Жылыжайлардың көлемі 95,2 га ұлғайып, жалпы көлем 1 005  га жетті (Республикалық көрсеткіштің  87%). 

Облыста Ірі мүйізді қара малдың саны 1008,4 мың, қой мен ешкі  4782 мың, жылқы 244,4 мың, түйе 25,2 мың, құс 2113,2 мың басты құрап,  ет (тірідей салмақта)–6% артып, 96,9 мың тонна, сүт – 1% артып,  364,2 мың тонна, жұмыртқа – 8,8% артып,  145,9 млн. дана  өндірілді. 

Мал шаруашылығы саласында «Ірі қара мал экспортының әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде «Сыбаға» бағдарламасымен 2015 жылы  11183 бас  аналық ІҚМ сатып алынды (64,2%) (о.і. қаржы институттары арқылы 1477 бас аналық ІҚМ және 100 бас бұқа).

Өңірлік мал шаруашылығын дамыту іс-шарасы бойынша  6 айда жалпы 428 жобаға 1 118,6 млн.тг. (о.і.: мал бордақылау алаңдарына 402 жобаға 972,7 млн.тг.; 5-10 бастық жанұялық сүт фермаларына 22 жобаға 50,9 млн.тг.; селолық тұтыну кооперациясына 4 жобаға 95,0 млн.тг.) несие қаржы берілді. 

Облыста 43 ет, 39 сүт, 39 бірлік жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс жасайды.

 Ағымдағы жылы қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылықтарын арттыру мақсатында а.ж. 6 айдында қосымша еттен-1680 тн, сүттен-752,0 тн және жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу қуаттылықтары-4200 тн артты. Нәтежиесінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі 53,1 млрд.тг құрады.

III – бағыт  фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 

Мақтарал ауданындағы 4 биофабрикада, 8 биозертханада және Шымкент қаласындағы 1 биозертханада биоагенттер (энтомофагтар) өндіруде. 2015 жылы жоспарланған 40,5 мың га мақталыққа өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін 150,0 млн теңге субсидия бөлінсе, 101,8 мың литр гербицидтердің қол жетімділігін арттыруға 204,3 млн.тг қаржы бөлініп,    37,7 мың га өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Облыста эпизоотиялық тұрақтылықты және ветеринариялық санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыста 27 мал сою бекттері, 73 мал сою алаңдары, 303 мал өлікселерін тастайтын шұңқырлар, 364 мал шомылдыру орындары, 55 «беккари» шұңқырлары бар.

Оставить комментарий

Связанные Статьи