Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығына биыл 29 миллиард теңге бағытталып отыр. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясында баяндама жасаған өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов осындай қолдаулардың арқасында егіс көлемін ұлғайту, иесіз жерлерді игеру, заманауи технологиямен тамшылатып суғар уәдісін кеңінен енгізу, жылыжай және қарқынды бау құрылыстары, мал басын асылдандыру бойынша жұмыстардың жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті..
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысымен ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 123 млрд. теңгені құрап, 2 пайызға артты. Егіс көлемі өткен жылдан 13 мың гектарға артып, 788 мың гектарды құрады. Суармалы 466 мың гектар жердің 93% игерілуде (434 мың гектар). Ағымдағы жылы дәндік жүгеріден 108,4мың тонна, көкөністен 811мың тонна, бақшадан 1 252мың тонна, картоптан 195мың тонна, масақты дақылдардан 470 мың тонна өнім жиналды.
-Облыста алғаш рет бидайдың орташа өнімділігі 22 центнерді құрап рекордтық өнім алынды. Былтыр бұл көрсеткіш гектарына 17,8 центнерден аспаған болатын,-деді
Тамшылатып суғару әдісі қосымша 6000 жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мың гектарға жетті. Бұл республикадағы тамшылатып суару егістігінің 73 пайызын құрайды. Жылыжайлар қосымша 72 гектарға салынып, жалпы 1 098 гектарға жетті. Республикадағы жылыжайлардың 87 пайызы Оңтүстікте. Осы жылыжайлардан 80 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды. Ал терең қопсыту технологиясы 89 мың гектарға енгізілді.
Жыл басынан фермерлерге «Ырыс» қаржыландыру ұйымы арқылы төменгі пайызбен 486 жобаны қаржыландырылуға 1,2млрд. теңге көлемінде несие берілген. «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларымен 35 мыңнан аса мал басы сатып алынды.
4000 астам ұсақ шаруашылықтарды біріктіретін 47 кооперативтер құрылып, 9 МТС ашылды.
Оставить комментарий