Мал баққанға бітеді

/uploads/thumbnail/20170709111311099_small.jpg

 

      Мал шаруашылығын дамыту, отбасылық фермаларды құру ісі - ауылдық жерлердегі жұмыссыздықты жоюдың бірден-бір тиімді жолы. Осыған байланысты Мақтаарал ауданында біршама шаруалар жұзеге асырылуда. Достық ауыл округіне қарасты Гұлстан елді мекеніндегі «Субхан ата» мал фермасы осы сөзімізге нақты дәлел бола алады. Махмуд Субхановтың мал бордақылау ісін қолға алғанына онша көп уақыт бола қоймапты. Әйтсе де өз ісіне мығым шаруаның бұл істі дөңгелетіп отырғанын көріп, риза болдық.

– Өзіміздің суармалы жеріміз болғандық- тан, жылда қауын, мақта егумен айналысып жүрдік. Қанша дегенмен, өнімнің барлығын түгел сатып жібере алмайсың. Егістікте қалып қойған қауын, қарбыз, мақта қалдық- тарын ысырап етпей, бір кәдеге жаратудың жолдарын іздестіре бастадым. Ойлана келе, мұның ең ұтымды тәсілі - мал бордақылау деп ойладым. Мал басын көбейту үшін «Ырыс» микро қаржы ұйымынан былтыр 6 миллион теңге несие апдым. 7 пайыздық мөлшерлемемен 3 жылға бөліп төлейтіндей етіп, келісім-шарт жасадық. Алған қаражатымызға он өгіз, он бұзау, бес сиыр алып, кәсібімізді бастадық. Кұзде біраз өгіздерді семіртіп, бабы келіскендерін базарға шығарып саттық. Нәтижесі жақсы, бір өгіздің бағасы 300 мың теңгеге дейін барды. Соның арқасында несиеміздің біраз бөлігінен құтылып үлгердік. - Мал азығын қалай дайындайсыздар? - деген сауалымызға

М.Субханов: - Иелігімізде 45 гектар жеріміз бар. Сондықтан малдың жем-шөбінің 50 пайызы өзімізден шығады деуге болады. Дәл қазіргі уақытта фермамызда 20 бас ірі қара мал бар, оның 10-ы сауынды сиырлар. Күніне шамамен 30-40 литрдей сүт аламыз. Себебі, барлық сиырды сауа бермейміз, кейбірінің бұзаулары аяқтанғанша, төліне береміз. Базарға сүт, айран, сұзбе апарып сатамыз. Мұнда екі адам жұмыспен қамтылған. Олардың жалақыларын уақытылы төлеп отырамыз. Келешекте қора жайымызды кеңейтіп, жем-шөп жинайтын бөлек кең орын салсақ деп жоспарлап отырмыз, - деп жауап берді.

          Сондай-ақ мал шаруашылығын қолға алып, одан тәп-тәуір пайда тауып жатқан отбасылық фермалардың бірі - Ынтымақ ауыл округіне қарасты Әден ата ауылындағы «Бегімбет ата» шаруа қожалығы. Оның басшысы Еркінбек Ерімбетовтің айтуынша, ол бұл салаға жайдан-жай келмеген көрінеді. - 2006 жылы қатты науқастанып қалдым да, басыма қиындық түсті. Қаржыдан тарықтым. Сол кезден бастап «ешбір қор жинамаппын, осы кұнге дейін бекер жүрген екенмін ғой» деген ойлар санамды жаулап алды. Бала кезімнен малға үйірсек болдым, сондықтан осы сала менің табиғатыма жақын екенін анық түсіндім де, ауруымнан – айығып, өз-өзіме келгеннен соң, осы ойымды жүзеге асыруға бел будым.

      Алғашында бұл істі 5 ірі қарадан бастағанмын. Ерінбей- жалықпай еңбектенсең тәп-тәуір пайда табу- ға болатынына көзім жеткеннен соң, әкім- шіліктен қора-жай салу үшін 12 сотық жер алып, мал басын көбейтуге кірістім. Өгіз- шелерді бордақылап, семірген кезде етке өткіземін, кейбірін базарға шығарып сата- мын. Сатылған ақшаға майда мал алып, қай- тадан соларды семіртуге кірісеміз. «Мал баққанға бітеді» демекші, мал дегеніңіз «тірі банк» қой. Осылайша қызығушылығым ар- тып, биыл наурыз айында «Ырыс» микро қар- жы ұйымынан 3 миллион 300 мың теңге несие алдым. Ол қаржыға өгізше, сиырлары бар, барлығы 22 бас мал сатып алдық. Құдайға шұкір, соның арқасында ұсақ мал- дарды қоспағанның өзінде, мал басы қырық басқа дейін жетті. Одан бөлек, үйдің жаны- нан жер учаскесін алып, жаңа типті мал қора сапып жатырмыз. Несиеге алған қаража- тымыздың біраз бөлігін осы құрылысқа жұм- садық. 10 гектар жерімізге жоңышқа, жұгері еккенбіз. Мал азығын өзіміз даярлаған соң, бағасы арзанға тұседі. Құрт, майымызды базарға апармай-ақ, ел-жұрттың өзі үйге келіп, «Апматы, Астанадағы туыстарымызға жібереміз» деп алып кетіп жатады. Тағы бір айта кетерлігі, Еркінбек өз кұштерімен «Дінислам» атты 75 орынды балабақша ашыпты. «Ет, сүт, айран, құрт, майды бөбекжайға өзіміз жеткізіп береміз. Осылайша балапарды экологиялық таза табиғи өнімдермен қамтамасыз етудеміз. Жақында қаймақ шығаратын сеператор сатып апдық. Енді бұлдіршіндерге қаймақ та берілетін болады», - дейді Еркінбек аға. Шіркін, ел игілігі үшін қызмет ететін осындай жандар көп болса ғой. Қарапайым шаруа Еркінбектің бұл бизнесі көпке ұлгі екені айдан анық.

«Мақтаарал» газеті №43 2016

Оставить комментарий

Связанные Статьи