Арабтар әлемдегі ең үлкен алтыннан әшекей бұйымын жасап Гиннес кітабына енді

/uploads/thumbnail/20170709111703090_small.jpg

Сауд Аравиясының Джидда қаласында орналасқан «Ат-теийба» зергерлік фабрикасы салмағы 33 келі болатын алтын әшекей жинағын жасап шығарды,- деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАпаратқа сілтеме жасап.

 Жинақ алқа, сырқа, білезік пен жүзіктен тұрады. Бұл әлемдегі алтыннан жасалған ең ауыр әшекей бұйым болып отыр. Сынамасы 999 болатын алтыннан жасалған бұл бұйым Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Әшекейді жасау үшін жүз зергер бір жыл уақытын жұмсаған. Жинақ 1,5 млн долларға бағаланған.
 
Фабриканың атқарушы директоры Исам әл-Ашрафи: «Біз еліміздің ерлері мен әйелдерінің қолынан шыққан бірегей алтын әшекей арқылы Сауд Аравиясының атын Гиннес рекордтар кітабына жазуды қаладық»-дейді.

Связанные Статьи