Еуразиялық Одақ құжаты 800 беттен тұрады

/uploads/thumbnail/20170708152422325_small.png

Мамырдың 29-ында Астанада өтетін кеңес саммитінде үш тараптық келісімшартқа қол қойылады.  "Экономика" газетінің жазуынша, бұл келісімшарт  800 беттен тұрады. 

   Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идеяны 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыған кезде Қазақстан мемлекетінің  басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынып, әлемдік қауымдастыққа жария еткен болатын. Тараптардың ұйғаруынша, Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеуге мүдделі. Сол үшін де  Қазақстан, Ресей және Белоруссия басшылары осы жылдың мамырының 29-ында Астана қаласында өтетін  жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес саммитінде бұл одақтың құрылуы  жайындағы келіссөзге қол қоятын болады. Әрине, Астанада өтетін жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес саммитінің жұмысына да көп салмақ артылатыны өз-өзінен түсінікті. Өйткені, келесі жылдың басынан бастап жұмыс істеуге тиісті бұл экономикалық одақтың  түйткілі көп, күрмеуі қиын мәселелерін әр тарапқа оңтайлы әрі дұрыс шешу үшін өзара түсіністік пен мүдделіліктің қажет екендігін ешкім жоққа шығармайды. Осы орайда үстіміздегі жылдың сәуір айының 29-ында Минск қаласында өткен Еуразиялық экономикалық одақ елдері басшыларының саммитінде қандай мәсе­лелердің көтерілгені де еске түседі. Минск саммитінде Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенттері Еуразиялық одақтың алдағы атқа­ратын жұмыстары мен болашағын қызу талқылады. Дерек көздері хабарлағанындай, Еуразиялық одақтың басшылары 800 беттен тұратын тиісті құжаттарға мамырдың соңына таман қол қоятын болып тарасқан еді.

"Экономика" газетінен ықшамдалып алынды

Оставить комментарий

Связанные Статьи