27 жасар Энтони Скиоли есімді суретші Нью-Йорктің қақ ортасына Демократиялық партия атынан сайлауға түсіп жатқан Хиллари Клинтонның жартылай жалаңаш мүсінін орнатқан. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Боулинг-Грин метросының түбіне орнатылған мүсінде аяқ орнына тұяқты көруге болады. Мүсіндегі Клинтон жалғыз түймелі ұзын блузка киген. Оның басы мен қолы еркектікі екені де айқын көрінеді.
Ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, Клинтонның мүсіні станция маңында үш сағат тұрған.
Оставить комментарий