Каспий теңізінде бағалы тұқымды балықтарды аулаған браконьерлер қолға түсті

/uploads/thumbnail/20170709120756706_small.jpg

Каспий теңізінің айдынындағы браконьерлік іс-қимылды ауыздықтап, оның байлығын сақтауға арналған арнайы біріккен жедел-сауықтыру іс-шара жалғасу үстінде. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады. Өткен тәулік ішінде «Жағалау күзеті» мен «Батыс» өңірлік басқармаларының шекарашылары Қазақстан мен Ресейдің бірқатар азаматын ұстады. Нәтижесінде бағалы балықтар мен аулау құралдары тәркіленді. Атап айтқанда, «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының шекарашылары Қазақстан азаматын ұстады. Одан 36 дана бекіре тұқымдас балық, сондай-ақ 3 жүзу құралы – 2 «казанка» мен 1 резина қайығы, сондай-ақ 11000 метр тор, 1000 қармақ, 300 метр құрал-жабдықтар тәркіленді. Осы күні «Батыс» өңірлік басқармасының шекарашылары Ресей Федерациясының азаматын ұстады, одан 423 дана сазан тәркіленді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи