Әлемдік ірі автоконцеріндерден Жапонияның "Nissan" автомобиль компаниясы бәсекелесі "Mitsubishi-дің" 34% үлесін сатып алды. Компанияның ресми мәлімдемесіне сай, жасалған келісімшарт негізінде саудаланған акция 237 миллиард жапон иеніне, яғни 2,29 миллиард АҚШ долларына бағаланған. Сөйтіп, "Mitsubishi" компаниясының негізгі бақылау пакеті "Nissan-ның" иелігіне көшті.
investing.com жазғандай, жапондық екінші үлкен автомобиль өндірушісі Nissan бұл сатып алу арқылы жанармай дауымен күресіп жүрген Mitsubishi-ді скандалдан құтқарып, шынайы түрде компанияны толықтай бақылауына алды.
Оставить комментарий