Бұл қарапайым ғана қыздың аты Алерия Авендано. 26 жастағы модель хирург пышағының астына алғаш рет 19 жасында жатқан. Венесуэлалық бойжеткен мінсіз денеге ие болуы үшін әрбір қыздың өзінен үлгі алу керек екенін айтуда.
Венесуэлалық қыз 19 жаста пластикалық ота жасатудың тым кеш екенін айтуда. Венесуэлада әрбір қыз 15 жасында кеудесін үлкейту отасын жоспарлайды. Мүмкін сондықтан да венесуэлалық сұлулар «Әлем Сұлуы» байқауында басқалардан көбірек жеңіске жетеді?!
Алерия кеудесін үлкейтумен тоқтап қалмаған. Одан кейін 20 пластикалық ота жасатты: бюст формасын үлкейту, липосакция, бөксесін үлкейту отасы, бұл оның бастан өткерген шағын ғана жұмысы десек те болады.
Бет хирургына барып, ол қыз иегін, қас формасын өзгертіп, мойнын ұзартқан, липосакцияның тағы бір сериясын жасатып, тістерін алдырған...
Иә-иә. Алерия табиғи тістерін жұлдырып, орнына керамикалық тістер салдырған! Сұлулық құрбандықты талап етеді!
Таң қалмасқа шараңыз жоқ, тістер Алерияның өзгертуінің соңғысы емес. 6 жыл бойы белін қылдай ету үшін ол қыз корсет киген. Күніне 23 сағат. Дәрігерлер шамалары жеткенше қарсы болса да, Алерия үшін қылдай бел бәрінен қымбат болған.
Корсет кию қыздың денсаулығына орасан зиян келтірген, ішкі ағзалары максималды деңгейде қысылып қалған. Ал, Аллерияның өзі « Мен мінсіз әйел мүсініне жақындап қалдым. Және мұнымен тоқтамақ емеспін» дейді.
Егер бұл «мінсіз» мүсіннің тереңіне үңіліп, ары қарайғы өмірін көргің келсе Аллерияның инстаграмм парақшасына кіре аласың.
Оставить комментарий