Рианна талантты, танымал әртіс. Жер жаһанда оның миллиондаған жанкүйерлері бар. Олар оның әрбір жүріс-тұрысын бақылап отырады. Рианна болса таң қалдырудан шаршаған емес. Жақында ғана Рианна Нью-Йорк қаласындағы тіс дәрігердің қабылдауынан шығып бара жатқанда фотокамераға түсіп қалыпты. Оның қызық киіну стилі назардан тыс қалмады. Рианнаның арқасында ертең қыздар етегі ұзынырақ киім кисе таң қалмау қажет деп хабарлайды http://qamshy.kz/. Әншінің образы мынандай болған: ұзын жейденің үстіне қысқа белдемше киген. Қысқасы, үстіңкі киім астыңқы киімнен ұзынырақ болуы керек.
Жалпы, Рианна біртүрлі киінетіндігін атап өтпесе болмайды. Неге екені белгісіз жұрт әртістің киіну стилі, шаш үлгісіне дейін қызығып қайталайды. 2012 жылы өткен шығармашылық концертінде әнші шашына африкалық өрім яғни дред жасатқан еді. Содан кейін дред өргізгендердің саны күрт өскенін естеріңізге салайық. Рианна сонымен қатар жейде немесе көйлек сыртына корсет (белді қысып тұратын созылмалы жалпақ белбеу) киюді сәнге енгізді.
Түптеп келгенде әркім барын, қалағанын киеді. Алайда қыздардың кіндігі ашық жүргенше корсет, мини кигенше ұзынырақ киім түрін кигені бізге жақсы. Тағы ескеретін бір жайт, әртістің сахналық образы мен қарапайым адамның күнделікті образының екі түрлі болуы керектігін ұмытпаған жөн. Ойына келгенді істеу,"ерекше" киіну әркез батылдық және жоғары талғампаздық емес.
Оставить комментарий