Ресей сайты: 300 жыл бұрын қазақтарды жойылып кетуден аман сақтап қалдық

/uploads/thumbnail/20170709121315633_small.jpg

Бүгін түнгі сағат бір жарымда Ресейлік сайт "300 жыл бұрын қазақтың Кші жүзі Ресей империясының қол астына өтті" деген материал жариялады. Қазақстан мен Ресей   оқырмандары арасында дау-дамай туғызған мақаланың қазақша аудармасын "Қамшы" порталы назарларыңызға ұсынуды жөн көрді.

"1731 жылдың 21 қазанында Әбілқайыр хан мен Кіші жүздің ақсақалдары Анна Иоановнаға ант су ішеді.

18 ғасырдың басында Қазақ хандығы Кіші, Орта және Ұлы жүз болып үш жүзге бөлінеді. Жүздер арасында береке-бірлік болған емес. Әрі моңғол тілді жоңғар халқы зор қауіп келтіретін. Қазақ пен жоңғар тайталасы ұзаққа созылады. Бұл уақыт қазақ тарихында "ұлы жұт жылдары" деп аталады. Солтүстікте башқұрлар мен Еділ қалмақтары да қазаққа қас еді. Мұндай ауыр жағдай қазақтың мықты орыстың көмегіне жүгінуге мәжбүрлейді.

Империя ол кезде ақырындап шығысқа көз сала бастаған. Сібір қазақтары Ертіс бойын жағалап, Омбы, Семей,Өскемен бекіністерін тұрғызды. І Петр Азия халқымен экономикалық байланыс орнатуды қалайтын. Ал, Қазақ хандығы императордың ойынша Азияның қақпағы мен кілті еді

Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Анна Иоановнадан жоңғарларға қарсы әскери одақ құрайық деп көмек сұрап келген кезде патшайым қол созуға қарсы болмайды. Есесіне Ресейдің қарамағына өтуін талап етті. 

Келісімшарттың заңды толтырылуын Ресей дипломаты Құтлу-Мұхаммед Тевкелев (орыстар оны Алексей Иванович дейтін, даланың тілі мен дәстүрлерін жақсы білген татар) өз мойнына алып, өз миссиясын сәтті орындап шығады. 1731 жылдың 10 қазан күні (ескі стиль бойынша) Кіші жүздің ақсақалдары ұзақ ақылдаса келе Ресей тағына адал болуға Құранды ұстап ант береді. Осылайша Қазақ хандығының бір бөлшегі Ресей қарамағына өтеді.

Әбілқайыр билікті орталықтандырамын деген бөлек мақсатты көздеген еді. Сол себепті 1731 жылдың желтоқсанында (өзге деректер бойынша 1732 жылдың шілдесінде) Әбілқайырға ішкі саяси тартыста басымдық бермес үшін Орта жүз, 1740 жылы Ұлы жүз Ресей билігін мойындайды. Кең даланың Ресейге қосылуының алғышарты осылайша жасалды"

Мақала астындағы пікірлер:

Apoliticus - Дәл бүгін қазақ тарих беттерінен жойылып кетпес үшін Ресей империясынан көмек сұрап, ант су ішеді.

Prov - Бұл мақала көп нәрсені еске салады. Кей нәрселерді ұмытпаған жөн. Қазақтардың арасында орыстардың, Ресейдің қасында 300 жыл ғұмыр кешкендерін естен шығарғандар баршылық. Бұл көрініс, әсіресе, 90-шы белең алды. Нұрсұлтан Әбішұлына рақмет! Орыстар, немістер, татарлар Қазақстанда болашығымызды елестете алмай көбіміз көшіп кеттік. Жақсылықты еске салған несі жаман?!

Moroz-nikolai - Ата-анамның Қазақстанға тың көтеруге кетуіне байланысты мен Қазақстанда дүниеге келдім. Қарапайым қазақтан бастап дөкейіне шейін "Кетіңдер! Бұл жер сендердікі емес!" деген сөздері әлі құлағымда... 90-шы жылдардың бұл жерге қатысы жоқ.  Қазақстандық форумдарды әлі күнге шейін оқимын.  Маған сенсеңіз, олар Ресейге деген жеккөрініш сезіміне толы.

Гаврила - Ресей қосылды да Кіші жүз "туз"ретінде өмір сүрді аз уақыт.

Оставить комментарий

Связанные Статьи