Елдің ұлттық ассамблеясы Мадуроға сенімсіздік білдіруді қолдап дауыс берді.
Ал ел Президенті Николас Мадуро «парламенттік төңкерістің» әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Франс Пресс хабарлайды.
Ақпараттарға қарағанда Президент жағдайға баға беру үшін Ұлттық кеңес мүшелерін жиналуға шақырған.
Бұған дейін депутаттар Мадуроны мемлекеттік төңкеріске қатысты айыптаған еді.