"Алматы Аренада өтіп жатқан бәсекеде жерлесіміз Жұман Жұмабеков бірінші болып жекпе-жекке шықты. Ол Беларусьтық қарсыласы Ивановты 23 секундта нокаутқа жіберді. Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ал беларусь боксшысы осыған дейін екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіліс тапқан. Салмақ өлшеу рәсімінде екі боксшы да 63 келі болып шықты. Жекпе-жек 4 раундқа жоспарланған еді.
Жұман Жұмабеков – тәжірибелі спортшылардың бірі. Осыған дейін ММА додаларына қатысқан. Азияның екі дүркін жеңімпазы. Халықаралық деңгейдегі спорт шебері.