Қазақстанда ұлтшылдарды қудалаудың науқаны басталатын түрі бар.
Бұрындары демократиялық оппозиция қатарына жататындарды қудалайтын, енді, міне, Тәуелсіздік үшін күрескісі келетіндерге кіріскен сияқты. Айталық, бүгін Қасым Аманжолды да ҰҚК- ге шақырыпты.
Ашығын мойындайықшы: тәуелсіздік, мемлекетшілдік, еліміздің келешегі деген нәрсе тек қана ұлтшылдарға керек қазір. Осы құндылықтарды тек қана ұлтшылдар қорғап келе жатыр. Еуразиялық одаққа қарсы шыққан кім? Қазақстанның тұтастығын қорғау керек деген мәселені көтеріп жүрген кім? Ресей әскери полигондарына қатысты мәселені көтерген кім? Ұлтшылдар!
Украина сабағы да соны көрсетіп отыр. Қазір Украинаны қорғап, мемлекет тәуелсіздігі үшін күресіп жүргендер "Батьковщина" не "Удар" емес, дәл сол ұлтшылдар! Жасақтар дайындап, Луганск пен Донецкті негізінен қорғап жатқан да сол ұлтшылдар.
Бұдан шығатын қорытынды: дәл бүгінгі заманда мемлекет тәуелсіздігін тек қана ұлтшылдар қорғай алады. Ұлтшылдардан басқа сенім артатын күш жоқ.
Оставить комментарий