ҚАРУЫҢ ҚАНДАЙ ҚАЗАҒЫМ немесе СОЙЫЛМЕН СОҒЫСУ ТАКТИКАСЫ...
Әрбір мемлекет сыртқы агрессияға сақадай сай тұруы керек екен, болмаса... Оны әлемдегі болып жатқан саяси шиеленістер көрсетіп отыр. - Өзін -өзі қорғай алмайтын мемлекет, басқа мемлекеттің әскерін асырайды, - деген Напалеонның сөзін ескерсек, қаурулы күшіміздің әлуеті қандай, - деген сұрақ туындайтыны анық.Қазақстанда қарулы күштердің көрмесіне "Kadex-2014" байланысты нешетүрлі ой маза бермейді... Ал, енді соғыс стратегиясы мен тактикасын сырып қойып, қандай қарумен соғысамын дегенге келсек. - Қорғаныс саласын қорғаныстан хабары бар адам басқармаған соң, оның нәтижесі егемендіктен айрылуға дейін соғатынын білеміз. Ендеше соңғы кездері (әскери тұрғыдан қарағанда) оңын мен солын білмейтін министрлердің ісіне көз жүгіртейік. Министр Даниал Ахметов деген болған кезде ЕКІ ЖҮЗ МИЛЛИОН ДОЛЛАРҒА басы даулы болып, Шейкман деген мен Қорғаныс министрінің қару жарақ бойынша орынбасары Қ. Мейірманов екеуі соттатып, қазанның қақпағын жауып үлгерді... Оған дейінгі және онан кейінгі министрлер туралы да аз жазылған жоқ. Сапасыз, ескі әскери техникамен мемлекетімізді қалай қорғаймыз?!Қазақстанда үш әскери округ десек, онда жеті - сегіз генерал басқару керек еді. Бізде әскерден генерал көп. Он солдатқа - бір генерал Бүкіл әскери байланысты (Военная коммуникация) басқа мемлекет бақылап отыр. - Қырық жылғы ескі әскери техникамен, жаңа технологиямен жабдықталған АГРЕССОРҒА қарсы соғысу деген, танкке сойыл ала жүгіргенмен бірдей сияқты болып көрінеді! - Ленин айтпақшы; - Әрбір революция өзін - өзі қорғай алмаса, оның бақырлық құны болмайды!
P.S.: Басқа елдің қалған - құтқан қаруын сатып алу, мусорда жүрген БИЧ-ты елестетсе, Соғыс стратегиясы мен тактикасынан хабары жоқ министрдің қылығы, шахтердің операция жасағаны, болмаса, қойшының ғарышқа ұшқанын елестетеді... Сізге ше, Достым?! Жақында легализация басталса, тағы сол қаражат заңдастырылу мүмкін, Сіз бен біз ұрлаған жоқпыз, себебі...
Оставить комментарий