Алматыдағы Студенттер сарайында «Мәңгі махаббат қалашығы» атты ән кеші өтті

/uploads/thumbnail/20170709133410422_small.jpg

29 қазан, Алматы қаласындағы Жолдасбеков атындағы Студеттер сарайында «Мәңгі махаббат қалашығы» атты ән кеші өтті, деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Ерекше атауды иеленген жобаның авторы, Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының директоры, әнші Жанат Қарман.

Әдемі ән кешін сыйлаған шаранның ұйымдастырушысы, авторы, әнші Жанат Қарманның айтуынша, шара мәңгілік махаббаттың қаласына айналған - ару Алматыға, оның мәңгілік махаббат тұрғындарына, жастарына, һәм барша көрерменіне арналған. Концертте танымалы естрада жұлдыздары өнер көрсетіп, Алматы аспанында ән әуеледі.

Кештің "Мәңгі махаббат қалашығы" аталуы да жайдан-жай емес. Бұл кешті 95 жылдық тарихы бар "Қазақ радиосының" сазды бағдарламасының сазды кеші деп қабылдауға болады. 

Махаббат- мәңгі ертегі. Ол туралы әндер де, жырлар да, шығармалар да таусылған емес. Махаббат-әлемді әлдилейді. Әнмен астасқанда, жүрекке сезім шуағындай төгіліп, көңілге күй болып жетеді. Адам жаның әдемі сезімге бөлеп, керемет әсерге жетелейді. Ән кеші де, осындай ғажайыптарға шақырып тұрғандай. Таусылмайтын тақырыпқа әндер де айтылды, жыр да оқылды. Әншінің де, тыңдаушының да тебіренбегін болмаған шығар.

Концертке келген көрермендер көтеріңкі көңіл-күйімен, тамаша әсерлерімен бөлісіп жатты.

Оставить комментарий

Связанные Статьи