«Мәдениет туралы» заңға енгізілетін өзгерістер талқыланды

/uploads/thumbnail/20170709133449216_small.jpg

Бүгін Алматы қаласында ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына депутаттар берген түзетулерді қарау бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілді,- деп хабарлайды Qamshy.kz тілшісі.  

Енгізіліп отырғын түзетулер мәдениет және руханият саласындағы бірқатар мәселелерге бағытталған. Атап айтқанда, бұл авторларды қолдау, қоғамдық маңызы бар әдебиеттер шығару және осы туындыларды әрбір мемлекеттік кітапханаға жеткізу; сондай-ақ мемлекеттік  сатып алу тетігін жетілдіру; театрлардың, кітапханалардың және өзге де мәдениет ұйымдарының қызметі үшін жағдайларды жетілдіру және басқа да мәселелер қарастырылды.

Отырыс жұмысына Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева, Әлеуметтік –мәдіни даму комитетінің хатшысы Бейбіт Мамраев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мәдениет және спорт вице –министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, әділет, қаржы, білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, шығармашылық одақтарының және мемлекеттік мәдениет ұйымдарының басшылары, Парламентке кірмеген саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты.

 Заң жобасы Әлеуметтік –мәдени  даму комитетінің қызметі шеңберінде қаралды. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи