Клинтон хаттарына қатысты істің ушығып кеткеніне алаңдаулы

/uploads/thumbnail/20170709135137720_small.jpg

"Федералды терогеу бюросының басшысы Джеймс Комидің іс-әрекеті біртүрлі"  деді, Демократиялық партия атынан сайлауға түсіп жатқан Хиллари Клинтон.

Клинтон Флоридадағы жақтастарымен кездесу кезінде Федералды тергеу бюросы оның хаттарына қатысты тергеуді қайта бастағанына қатты алаңдайтынын айтты. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Клинтон сондай-ақ өзінің қарсыласы Дональд Трампты "Американ халқын шатастыруға тырысты" деп айыптады.

Бұған дейін белгілі болғандай, Федералды тергеу бюросы Хиллари Клинтонның мемлекеттік хатшы кезіндегі электронды хаттарын тексеруді қайта бастады. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи