Шымкентте 28 жастағы жігітті туыстары бір айдан бері таба алмай жүр

/uploads/thumbnail/20170709141016494_small.jpg

Шымкент қаласының тұрғыны, 1988 жылы 10 қаңтарда туған Талғат Әлібекұлы Үсеновті туыстары бір айдан бері іздеп таба алмай жүр, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Туыстарының айтуынша Шымкенттегі №2 музыка мектебінде оқытушы болып істейтін Талғат 4 қазан күні кешкі сағат алтылар шамасында жұмыстан шығып, таксиге отырған. Содан бері ешбір хабар жоқ көрінеді.

«Өзіміз екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырмыз. Талғат – үйде екінші бала. Жоғалардан екі апта бұрын, 22 қыркүйекте  өмірлік серігін тауып, отау көтерген еді. Кенеттен өзі жоғалып кетерліктей еш себеп жоқ», - дейді Талғаттың ата-анасы Әлібек пен Құрбанкүл.

Жоғалған жігіттің ата-анасы, туыстары мен некелі жары Таңшолпан сайтымыз арқылы көмек сұрап отыр. Үйден шыққанда үстінде көк джинсы шалбар, қызғылт түсті футболка мен қоңыр пиджак, қолында көк сөмкеге салынған ноутбук болған.

Талғат аман-есен үйіне оралады деп үміттенеміз.

Жоғалған жігіт туралы қандай да бір мәлімет білетін кісілер төмендегі телефондарға немесе «102» нөміріне хабарласуын сұраймыз.

Əкесі Әлібектің телефоны: 87757780188.

Анасы Құрбанкүлдің телефоны: 87754240563.

Оставить комментарий

Связанные Статьи