Арыстанбек Мұхамедиұлы Қанат Исламға шапан жапты

/uploads/thumbnail/20170709141938690_small.jpg

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қанат Исламның жеңістері үшін алғысын білдіре отырып, ұлттық бөрік пен шапан жапты. Қанат Исламның жеңісіне арналған кездесу  мәдениет министрлігінде өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Астанада ЭКСПО көрмесі өткізілген кезде Қанат Исламның бокс кеші өткізілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Қанат Исламмен кездесу өткізген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті. «Қанат Исламмен сол үшін кездесіп жатырмыз. Ондай жоспарларымыз бар. Қазір оны алдын ала айтуға әлі ерте. Бүгінгі кездесуіміздің бір мақсаты - кездесіп, рахметімізді айту, екіншіден - осы алдағы қойған жоспарларды бірігіп, іске асыру», - деді министр кездесуден соң тілшілерге берген сұхбатында.
А.Мұхамедиұлы сонымен қатар Геннадий Головкинмен де келіссөздер жүргізіліп жатқандығын атап өтті. «Оны да айтуға әлі қиын. Бірақ келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бізде ЭКСПО үш ай болады. Ол үш айдың ішінде әр сайын өтіп жатса да, оның артықшылығы жоқ. Бізге осындай үлкен шараларды өткізіп, туристердің көбірек келгені жақсы», - деп түйді ойын А.Мұхамедиұлы. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи