ҚР АШМ Комитетінің төрағасы парамен ұсталды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709142200196_small.png

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы С.Хасенов ұсталды,  - деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы бірнеше мәрте пара алғаны үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы С.Хасеновті ұстады», - деп мәлімдеді жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметінен.

«Комитет төрағасы С.Хасенов бұған дейін министрлікте жұмыс істеген сенімді тұлғасы Е.Решетькомен алдын ала келісіп, Қазақстан аумағына ет өнімдерін әкелуге рұқсат беру бойынша қылмыстық жоспар құрған. С.Хасенов белгіленген баға бойынша жүйелі түрде пара алып отырған. Осылайша, «Хладоленд» ЖШС басшыларынан бес млн теңге мөлшерінде пара алу кезінде С.Хасенов пен Е.Решетько қолға түсті. Екеуі де кінәсін толығымен мойындап отыр», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда С.Хасенов Астана ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи