Президент Назарбаев Жапония императорымен кездеседі

/uploads/thumbnail/20170709142403270_small.jpg

Қазақстан Президенті 6-9 қарашада ресми сапармен Жапонияда болады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Токиода Жапонияның императоры Акихитомен, Премьер-Министр С.Абэмен және іскер топтар өкілдерімен кездесу өтеді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Жапонияның Парламентінде және «Токай» университетінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев Хиросимадағы Бейбітшілік мемориалдық саябағында болып, «Хиросима қаласының айрықша құрметті азаматы» арнаулы атағын салтанатты түрде тапсыру рәсіміне қатысады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи