Алматы қаласындағы Байзақов, Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан «Almaty Towers» сауда үйінде өрт болып жатыр, деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Өрт басталған тұста Молдаш Еркебұлан есімді Facebook қолданушысы өрт орнынан бейнежазба жариялады. Оның ойынша аталған нысанның үшінші қабатындағы ас үйден өрт шыққан болуы мүмкін. Нысанның жан-жағында жолдар жабылған. Белгілі болғандай Қалалық ТЖД-нің мәліметінше, 18.04-те "101" пультіне Бостандық ауданы Байзақов көшесі 280 үйде өрт шықты деген хабар түскен.
Интернетте пайда болған бейнежазбалардан өрт жалынының айтарлықтай биік екенін байқауға болады. Ақпарат бойынша оқиға орынан адамдар эвакуацияланған. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.
Оставить комментарий