7 қараша күні сағат 05:18-де Алматы жол бөлімшесінің Алматы-Отар желісіндегі Саз станциясында екінші жолдан №2851 жүк пойызының 12 вагоны шығып кетті. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, 24.kz хабарлады.
Оқиға орнында Алматы жол бөлімшесінің қалпына келтіру пойызы жұмыс істеуде. 8 жолаушылар пойызы кестеден кешікті. Пойыз қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Пойыз қозғалысы алдағы үш сағатта қалпына келтірілетін болады. Апат себебін анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанынан арнайы комиссия құрылды.